Пайдалану саласы
Жылытқыш бойынша жұқа сылақпен ғимараттардың бекітілген жылу оқшаулағыш жүйелері үшін СП 1210198 сәйкес жылу оқшаулағыш тақтайларды (пенополистирол, минералды тақтайлар) бекіту үшін, сонымен қатар ғимараттарды сылақтардың әр түрі бойынша жылыту жүйесінде торды арматуралау үшін қолданылады. Сыртқы және ішкі жұмыстарға арналған
Техникалық мәліметтер
Шартты белгісі
|
Құрғақ ерітінді қоспа – әрлеу жұмыстарына арналған желім, цементті, М100, НАШИ "ТЕРМОС" СТ 35715 – 1910 – ТОО – 01 – 2011
|
Түсі
|
Сұр
|
Сумен араластырғаннан кейінгі жарамдылығы
|
2 сағат
|
Аязға төзімділік бойынша маркасы
|
F 25
|
Жылытқышпен тұтасу беріктігі
|
0,2 Мпа
|
Негізбен тұтасу беріктігі
|
0,5 Мпа
|
Жылу оқшаулағыш тақтайларды жабыстыру кезіндегі материалдың шығыны
|
3-4,5 кг/м2
|
Қалыңдығы 3-5 мм болғанда жүйені сылақтау және арматуралару кезіндегі материалдың шығыны
|
4,2-7 кг/м2
|
Толтырғыштың максималды ірілігі
|
0,6 мм
|
Пайдалану температурасы
|
+5 0С бастап +300С дейін
|
Көрсеткіштер температура +25°С кезінде салыстырмалы ылғалдылығы 50% үшін берілген
|
Қаптамасы және сақтау ережелері
25 кг қаптарда шығарылады. Ылғалдың түсуіне жол бермеу қажет. Ашылған қапты ең алдымен пайдалану қажет. Зауыт қаптамасындағы құрғақ жерде сақтаудың кепілдік мерзімі кем дегенде - 9 ай. Температура -30 ˚С +40˚С кезінде және салыстырмалы ылғалдылығы 80% дейін сақтау.
Негізді дайындау
Жылытқыш жақсылап тегістелген қабатқа төселеді. 10 мм артық олқылықтар мен түзу емес орындар тегістелуге, сызаттар ашылып, өңделуі тиіс. Үлкен тегістелмеген аудандарды АlinEX "PLASTER M75" сылақты қоспамен немесе басқа цементті тегістегішпен түзеуге кеңес беріледі. Негіз берік, тегіс, шаңнан, батпақтан, ізбестен, майлардан, тоң майлардан, ескі борпылдақ сылақтан, бояу қалдықтарынан мұқият тазартылуға тиіс. Ылғалды сіңіретін жазықтықты суды сіңіргіштік қасиетін төмендету мақсатында АlinEX "PRIMER" арнайы грунтовкамен өңдеу немесе сумен сулау қажет. Жылытқыш тақтайларды жабыстыру алдында сылақтанған қабаттың кепкендігіне көз жеткізу қажет.
Ерітіндіні дайындау
Құрғақ қоспаны таза суға үнемі қолмен немесе электр дрелін пайдалану арқылы біртекті масса алғанша араластырып отыру қажет. 25 кг құрғақ қоспаға шамамен 5,5-6 литр су қажет болады. Қоспа 5 минуттан кейін пайдалануға жарамды. Дайындалған мөлшерлеме 2 сағат ішінде пайдалануға жарамды.
Пайдалану тәсілі
Қасбетті жылыту үшін үнемі астынан жоғары қарай жабыстырылатын қатты полистирольді тақтайдан немесе минералды мақтадан жасалған полистирольді тақтайлар немесе минералды мақтадан жасалған тақтайлар қолданылады. Егер жазықтық тегіс болса, желім жылытқыш тақтайдың бетіне өлшемі 10х10х10 (мм) тот баспайтын болаттан жасалған тісті қалақшаның көмегімен жағылады. Егер 10 мм дейінгі тегіс емес орындар бар болса –«ленталы-нүктелі» тәсілмен; бүкіл периметр бойынша тақтайлардың шеттеріне ені 5 см жуық желімді ланта жабыстырылады, бұл кезде желім тақтай шетінен 1-2 см алыстатылуы тиіс (ол жабыстыру кезінде тораптарға кіріп кетпеуі үшін), ал ортасында алақанмен бірдей желім массасы 4-6 нүктеге жағылады. Желімді жаққан соң тақтайды негізге қойып, қысу қажет. Тақтай негізге тығыз орналасу үшін оны алдымен жобалау күйіне 2-3 см қашықтыққа қабатқа орналастыру қажет, содан кейін ағаш үккіштің көмегімен немесе жобалау күйіне ығыстырып қалақшамен сәл соғу арқылы қысу қажет. Дюбельдермен бекіту жабыстырғаннан кейін 2-3 күн өткен соң ғана орындалады (жабыстырылған жылытқыш тақтайлардың желім қатаймағандықтан орны ауыспауы үшін). Дюбельдердің орташа шығыны – 1 ш.м. 4-6 дана. Сылақтың арматураланған төменгі қабатын орналастыру үшін сол құрам қолданылады. Оған жабыстырғыш құрам қатайған соң – жағылғаннан кейін 2-3 күн өткен соң кіріседі. Жылытқышқа тісті қалақшамен қалыңдығы 3-5 мм қоспаны жағып, кейін бірден беткі қабатқа арматуралы тордың табағын салып, оны қалақшаның көмегімен ерітіндіге жиырылуын болдырмай, батырып, сылақтың бетін тегістеу қажет, оны 7-10 тәулік бойы кептіру қажет. Әрлеу қабаты үшін АlinEX "FINISH WP" тегістегішін немесе «Decorex» әрлеу сылағын пайдалану қажет.