Пайдаланылу саласы
Құрғақ, ылғалды бөлмелерде қабырғалар мен едендерде керамикалық тақтайшалардың тігістерін бітеу үшін, тігістің ені – 2-6 мм, тігістің тереңдігі 7 мм аспауы тиіс. Қабырғалардағы тігістердің бітеуіші тақтайшаны төсегеннен кейін 24 сағат өткен соң орындалады. Еден үсті тақтайшаларының тігісін бітеу тақтайшаны төсегеннен кейін 48 сағат өткен соң орындалады.
Қаптама және сақтау ережелері
5 және 25 кг қаптарда шығарылады. Ылғалдың түсуін болдырмау. Ашылған қаптарды бірінші кезекте қолдану қажет. Зауыттық қаптамада сақтаудың кепілді мерзімі 9 айды құрайды. Температура -30 ˚С +40˚С кезде және салыстырмалы ылғалдылық 80% дейін болғанда сақтау.
Тігістерді дайындау
Тігістерді тақтайшалы желім қалдықтарынан мұқият тазарту қажет. Бітеуішті жағу алдында тігістерді сулау жолымен ылғалдау қажет.
Температуралық режим
Жұмыс барысында және кейінгі екі күнде негіздің, бітеуіштің және тақтайшаның температурасы +5°С бастап +30°С дейінгі аралықта болуы тиіс.
Ерітіндіні дайындау
Құрғақ қоспаны таза суға үнемі қолмен немесе электр дрелін пайдалану арқылы біртекті масса алғанша араластырып отыру қажет. 5 кг құрғақ қоспаға шамамен 1,7-1,8 литр су қажет болады. Алдымен құрғақ қоспаны судың аз мөлшерімен араластырыңыз және ерітіндіні 15 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін қайта араластырыңыз, қалған судың мөлшерін қосыңыз. Ерітінді дайындалғаннан кейін 1,5 сағат ішінде жарамды.
Пайдалану тәсілі
Бітеуіш тақтайшаға рәзеңкелі қалақшамен диагоналды қозғалыстармен жағылады, кейін тігістерде олар толығымен толтырылғанша тығыздалады, артықтары алынады. Тігістер температура мен ылғалдылық деңгейіне байланысты 15-30 мнутта кебеді. Сулы ысқыш арқылы тігістердегі бітеуіштің жарылуын болдырмау үшін, бір уақытта тігісті жылтыратып және тақтайшадан артық бітеуішті алып, сулау қажет. Бұл ретте су бітеуіш қоспаны тігістен шайып тастамауы тиіс. Тігістер толық кепкен соң беткі қабат ақырғы рет мақталы ескі құсқы затпен тегістеледі. Құрғақ бөлмелерде бітеуден кейін 2 сағат өткен соң тігістерді толық төзімділік алғанша ылғалдау қажет.
Ескерту
Судың артық мөлшерлемесі бітеуіштің төзімділік қасиеттерін азайтады және отырғызу сызаттарын болдырады. Ақырғы тазалауды мұқият орындаңыз.
Материалдың шығыны
Орташа есеппен алғанда тігістің еніне, тақтайшаның өлшемі мен қалыңдығына байланысты 0,3-1,5 кг/шаршы метрге жұмсалады.
Құралдар
Рәзеңкелі қалақша, поролонды ысқыш, мақталы ескі құсқы зат.